Главная » Статьи » Ваше творчество » Стихотворения [ Добавить статью ]

Cап сап көнілім сап
«Әмірлер мен сұлтандар гаремдерге жинаған,
Арулардың басына ерік бермей қинаған.
Арна кеуіп қалмау үшін, ғұмырларды жалғау үшін,
Қара күшке иілгенмен әйел-шыбық сынбаған.

Әйел - анам, әйел-жар, әйел-өмір жайнаған,
Әйел-қызым, әйел-нұр, әйел-тірлік қайнаған.
Әйел-шабыт,әйел-гүл, әйел-жырдың арқауы,
Әйел-тұғыр, әйел-тақ, әйел-бағым таймаған.

Шыңғысхан мен Темірлан бар әлемді жаулаған,
Аққулардың тағдырын шүрегейге байлаған.
Қолда тұрып бар биліктің құтқармайтын құрығы,
Бір әйелдің жүрегін де толық жаулай алмаған.

Әйел-шарап, әйел-түн бал шәрбаты арбаған,
Әйел-тылсым, әйел-құм уысымда тұрмаған.
Әйел-сұрақ, әйел-кім? Әйел-үйдің шегесі,
Әйел-көрік, әйел-шоқ бар қызуын арнаған.

Қуаныш пен қайғыны қатар өріп сыйлаған,
Ешбір әйел сүйгенін қиянатқа қимаған.
Аппақ менің арым болған бір әйелді мойындап,
Жүрегіме атын жазып тарихқа мен айналам.

Әйел-қиял, әйел-мұң, әйел-шырақ жанбаған,
Әйел-сандық, әйел-сыр, әйел-үміт талмаған.
Әйел-ошақ, әйел-тыл, әйел-берік босаға,
Әйел-өзен, әйел-көл, әйел-шөлім қанбаған.
Категория: Стихотворения | Добавил: (06.06.2012) | Автор: Лаззат
Просмотров: 861 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Nam viverra in dui sit amet consequat.

- John Doe, creative director

Praesent vestibulum commodo mi eget congue. Ut pretium vel lectus vel consectetur.

- John Doe, creative director

Etiam quis aliquam turpis. Etiam in mauris elementum, gravida tortor eget, porttitor turpis.

- John Doe, creative director